Астана қаласы «Аудиклубынан» келген достармен кездесу

Балаларды қорғау күнін мейрамдау аясында біздің балаларымызға Астана қаласы «Аудиклубынан» достары келіп нағыз мереке сыйлады.  Балалардың назарына аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды. Клоундар – бишілер және бойшаң қуыршақтар қыздар мен ұлдарды сабын көпіршіктері мен серпентинмен жаңа ойындармен және билерімен қуантты.

Балаларда мотоциклдерге-байктерге мінуден ұзақ ұмытылмас әсер қалды.

Мереке соңында әр бала сыйлық алды. Осы шуақты күнде балалардың көздері қуаныштан жарқырап, көңіл-күйлері тамаша болды!

Біздің достарымызға – Астана қаласындағы «Аудиоклуб» қауымдастығының қатысушыларына ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көңіл бөліп, ұйымдастырған мерекелері үшін үлкен алғысымды білдіремін.

Текст