«Барлық мамандық маңызды – барлық мамандық қажет» деген ұранмен кешеніміздің балалары Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ақкөл қаласына экскурсияға аттанды. Бұл экскурсияның мақсаты балаларды өрт сөндіруші және төтенше жағдайлар қызметі мамандығымен таныстыру болды. Балаларға дабыл сигналының қалай және қай жерде қабылданатыны, қандай жылдамдықпен, қандай уақыт аралығында өрт сөндірушілер нысанды киімдерін киіп, оқиға орнына бару керектігі жан-жақты айтылды. Олар Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің қайда тынығатынын, қандай форма киетінін, өртке қандай көлемді сумен баратынын көрсетті. Кейбір жігіттер форманы киіп, тыныс алу аппаратын сынап көруге мүмкіндік алды. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері ұл-қыздарға бұл мамандықты қай мекемеде алуға болатынын нақты түсіндірді.