Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Специальный комплекс «детский сад-школа-интернат», село Урюпинка, Аккольский район» управления образования Акмолинской области

Социальные сети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың назарына!

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» КММ 2020 жылғы 25 тамыз  бастап 6 қыркүйек аралығында Қамқоршылық кеңестің құрамына кіруге ниет білдірген тұлғалардың өтініштерін қабылдайтынын хабарлайды.
Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
      1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
      2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
      3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
      4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
      5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
      6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;
      7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
      8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;
      9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;
      10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
      11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.
Өз өтінішіңізді келесі электрондық поштаға жіберу қажет: urupinkadd@rambler.ru. Анықтама телефоны: 87163831519, 31677.
Жаңартылған күні: 26.08.2021 14:59
Құрылған күні: 26.08.2021 15:01

Текст