Текст
2024 жылдың 3 қаңтарында өткен еңбекке баулу, әлеуметтік бағдарлау, дене шынықтыру және музыка пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысында «Интеллектуалды дамуы бұзылған оқушылардың сабақтарында заманауи әдістер мен технологияларды қолдану» тақырыбы талқыланды. Мұғалімдер өз пәндерін оқытудағы әдістемелік жаңашылдық мәселелерін талқылап, практикалық әдіс-тәсілдермен бөлісіп, пәндік он күндік білім берудің нәтижелеріне талдау жасады.