2019 жылдың 4-ші желтоқсаны күні Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылындағы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешенінің» КММ тәрбиеленушілері «Дегдар» корпоративті Қорының шақыруымен еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласына барып қайтты, онда «Таңғажайыптық әуендер» жобасының деңгейіндегі жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған көңіл көтеретін және танымдылық ісшарасы өткізілді. Ісшараның барысында сурет өнерінен, қыш істерінен, хореографиядан мастер-кластар ұйымдастырылды. Балаларға робототехникамен шұғылдануға мүмкіндік туды, виртуалды химиялық зертханада болуға, компьютерлік бейнелеудің қабылдағыштарымен танысты. Нұр-Сұлтан қаласының ерекше актерлар театры қойған мюзиклді көргенде олар таңырқап елтігендей және қөңілдері босады. Дельфиялық ойындардың қатысушылары, жас актерлар есту қабылеттері бұзылған, көздері нашар көртін, сөздері, тірек-қозғаушы аппаратымен жұмыс жасайтын, өмірдің басты құндылықтары туралы терең ойлы қойылымдар көрсетті – махаббат, денсаулық , армандармен және бақыт туралы, сонымен қатар барлық балаларға тілектер тіледі, оның мәні мынада, адамның өміріндегі ең бастысы – ол оның мақсаты, оған тек ғана талпыну қажет, ештеңеге де қарамастан.
Балалардың кездесулерінің ең басты оқиғасы Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының Спикері Д.Н. Назарбаевамен кездесу болды. Өте бір жылылық жағдайда балалардың әңгімелері мыналар: оларды барлық атракциондар қуантты және таңқалдырды, себебі олар да болашақта осылармен айналысын, қазіргі уақыттағыдай жетістіктерге жетуге. Дариға Нұрсұлтанқызы балалардың белсенділіктерін және ашықтықтарын атап көрсетті, осындай қездесулер ізгілікті дәстүрлерге ұласуларына тілегін білдірді.
«Таңғажайыптық әуендер» жобасының деңгейінде әрбір тәрбиеленушіге өздерінің қалаулары бойынша сыйлықтар тапсырылды: ноутбуктер, велосипедтер, спорттық экиперовкалар және құралдар, гироскутерлер, планшеттер, ұялы телефондар, конструкторлар, даму ойындары және басқа да сыйлықтар.
«Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылындағы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешенінің» КММ қызметкерлерінің ұжымының және балалардың атынан Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға шын жүректен алғысымызды және ризашылығымызды білдіреміз және «Дегдар» Корпоративті Қорына сыйлаған жылылығына, мейіріміне, қамқорына және ұмытылмас әсерлеріне. Сіздердің жүректеріңіздің нұры біздің жолдарымызды жарқыратады!