Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Специальный комплекс «детский сад-школа-интернат», село Урюпинка, Аккольский район» управления образования Акмолинской области

Социальные сети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің айналамдағы қауіпсіз әлем» білім беру ойыны

«Адам саудасы-ауыр кылмыс» акциясы аясында бастауыш мектеп жасындағы балалармен күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «айналамдағы қауіпсіз әлем» атты дамыту ойыны өткізілді.

Ойын барысында қатысушылар өмірлік жағдайларды талдап, олардың қауіпсіз немесе қауіпті екенін анықтады. Тапсырманы орындау үшін сигналдық карталар пайдаланылды: жасыл — «қауіпсіз», қызыл — «қауіпті». Балалар ұсынылған жағдайларды белсенді талқылап, өз таңдауларын түсіндіріп, жеке қауіпсіздік ережелерін еске түсірді.

Іс-шара соңында балалар үйде, көшеде, қоғамдық орындарда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы қорытынды жасады.


Текст