Текст
11 желтоқсанда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Арнайы кешеннің тәрбиеленушілері «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментінің Ақкөл ауданының полиция бөлімі» ММ-де болды.
Іс-сапар барысында полиция қызметкерлері қажет жағдайда өз қызметінде қолданатын арнайы техникаларды көрсетіп, ішкі істер органдарының тынымсыз жұмысының күнделікті тәртібіне де тоқталды. Жігіттер аудандық ішкі істер органдарының ардагерлерінің мұражайын аралаудан үлкен әсер алды.
Балаларға экскурсия ұнады, олар белсенді түрде сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды. Көптеген жасөспірімдер оқуды бітіргеннен кейін өз өмірін құқық қорғау органдарындағы жұмыспен байланыстырғысы келетінін білдірді.