Текст
Арнайы кешеннің тәрбиеленушілері Қазақстандағы балалар жылына және «NOMAD» туристік үйірмесінің 5 жылдығына орай қаладағы Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде өткен жасанды жерге спорттық өрмелеуден облыстық жарысқа қатысты. Степняк қ., Біржан сал ауданы.
Чемпионатқа қиындық бойынша өрмелеу түрі бойынша 11 команда қатысты. Қатысушылар ең алдымен күш пен ептілік, стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті.
Калимулин Равильді 3-орын алуымен құттықтаймыз! Балаларымызға алдағы уақытта да спорттық жеңістер тілейміз!