Ақмола облысы білім басқармасының «Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Специальный комплекс «детский сад-школа-интернат», село Урюпинка, Аккольский район» управления образования Акмолинской области

Социальные сети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Болашағыңды таңдау бүгіннен басталады

Кәсіби бағдар беру мақсатында 10-сынып оқушылары Ақмола облысы Білім беру департаментіне қарасты «Жаңасил ауылының өнеркәсіптік технологиялар және қызметтер колледжі» мемлекеттік кәсіпорнына барды.

Мектеп оқушылары үшін әртүрлі мамандықтар бойынша кәсіби сынақ бағдарламасы ұйымдастырылды. Олар десерт және нан пісіру бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, автомобиль диагностикасы, дизельді қозғалтқышты пайдалану, бухгалтерлік есеп пен аудиттің қыр-сырын үйренді.

Экскурсия қызықты әрі танымдық деңгейде өтті. Оқушылар мамандықтар, оқу шарттары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат алды. Іс-шара соңында қонақтарға кофе-брейк пен брифинг ұйымдастырылды.

Колледж әкімшілігі мен оқытушылар құрамына жылы қарсы алу, қызықты бағдарлама және мамандықтар әлемін тереңірек түсіну мүмкіндігі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.


Текст