Текст
Жаңа жыл – балалардың да, ересектердің де ең сүйікті мерекесі. Көбісі мерекеге желтоқсанның алғашқы күндерінен бастап дайындала бастайды, дүкендерде шырша әшекейлері, гирляндтар мен қаңылтырлар пайда болады.
Айгөлек отбасының балалары желтоқсан айының басында Аяз атаға хат жазып, онда өздерінің арман-тілектерін айтып, енді мерекенің басты кейіпкерімен кездесуді асыға күтуде. Аяз атамен кездесуге оқушылар шыршаны безендіріп, жаңа жылдық әшекейлер жасап, ән, би, тақпақтар оқыды.