Текст
Жаратылыстану-математикалық цикл әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің пән апталығы басталды. Онкүндікте ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, олимпиадалар мен «Тікенді жол» квест-марафоны өтеді. Пән апталығын өткізу оқушылардың пәндерге: математика, информатика, биология, химия, география, жаратылыстану пәндеріне деген танымдық қызығушылығын белсендіреді, логикасын, зейінділігін, бірін-бірі тыңдау және есту қабілетін дамытады. Барлығына сәттілік тілейміз!