Текст
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданды. Қазақстанның егемендігі мен халқының бостандығы үшін күрескендерге тағзым ретінде бұл күнді тойлаудың ел үшін маңызы ерекше.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне «Ақбота» тобының жігіттері өздерінің махаббаты мен мақтаныштарының бір бөлігін салып, «Қазақстан – менің Отаным» атты постер әзірледі.