Текст
Туған күн-балалардың сүйікті мерекелерінің бірі! Балалар оны асыға күтеді. 10 қаңтарда біздің үйде керемет отбасылық мереке-туған күні өтті.
Туған күн иелерінің құрметіне құттықтаулар, музыкалық сыйлықтар айтылды, көңілді ойындар мен байқаулар өткізілді: «Аққаланы жина», «Бір- кәмпит, екі-кәмпит, үш», «Суретшілер», «Биялай». Ең қызықтысы «Сыйлықты кім тез ашады?!».
Мереке соңында барлық туған күн иелері сыйлықтар алды. Мереке көңілді және қызықты болды.