Достық күлкіден басталады!

Балалардың достық деген не, нағыз дос қандай болу керек деген түсініктерін тереңдету, ізгілікке, бір-бірін түсінуге, қабылдауға ұмтылуға тәрбиелеу мақсатында «Достық күлкіден басталады!» атты іс-шара өткізілді.

Балалар үлкен ықыласпен «Достық қол алысу», «Сүйікті сөз», «Досыңды тап» жаттығуларын орындап, шығармашылық қабілеттерін, қиялдарын көрсетіп, ізгі тілекпен «Достық гүлін» жасады.

Соңында балалар бір-бірімізді сыйлап, бір-бірімізге көмектесіп, достармен бірге қуана білуіміз керек деген қорытындыға келіп, достықтың ережелерін құрастырды!

Текст