Текст
Жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдері осы циклдің тақырыптары бойынша «Дидактикалық ойындар – ақыл-ой гимнастикасы» атты шеберлік сыныбын өткізді. Дидактикалық ойын сабақтағы мақсат емес, білім мен тәрбие құралы. Дидактикалық ойындардың пайдасы зор, өйткені ол оқушыларды білімдерін жаңа жағдайда қолдануға немесе шешуі ақыл-ой әрекетінің әртүрлі формаларын көрсетуді талап ететін ой міндетін қоюға үйретеді.
Ойын – шығармашылық, ойын – еңбек. Ойын барысында балалардың зейінін жинақтау, өз бетімен ойлау дағдысы қалыптасады, зейіні дамиды.