Текст
2020 жылдың 24 желтоқсанында Арнайы кешеннің тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жыл шыршасына онлайн-қатысты.
Мереке сахналық қойылымның көрсетілімімен ашылды. Кішкентай қонақтарды ертегі кейіпкерлері Өгізше, Тазша бала, Мини Маус, Жаршы бала қарсы алды. Балалар бір сәтте сиқыр әлеміне еніп кетті.
Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаев балаларды мемлекет Басшысының атынан келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Балалар Аяз Ата мен Ақшақармен бірге шыршаны жағып, ән айтып, көңілді би биледі