Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу құрметіне Ақмола облысының арнайы мектептерінің оқушылары үшін қашықтық форматта бейнеконференция режимінде, "ZOOM" платформасы арқылы «Біз-Жеңістің мұрагерлеріміз!» бірінші облыстық Квест-марафонының 2020 жылдың 30 қарашасында қорытындысы шығарылды.
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Майя Жеңісқызы Темірбаева педагогтар мен оқушыларға құттықтау сөз сөйледі: «75 жыл бойы біз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз, қала саламыз, балаларды оқытамыз және тәрбиелейміз. Ондаған жылдар өтеді, ұрпақтар алмасады, бірақ халқымыздың Ұлы Жеңісі туралы естелік біздің жүрегімізде қалады».
Қазылар алқасы мүшелерінің атынан облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Ілияс Әбілқазыұлы Жанғали сөз сөйлеп, әрбір азаматтың борышы – Ұлы ерлік туралы естелікті сақтау, жоғары патриотизмді және рух күшін, ерлік тарихын құрметтеу екенін атап өтті.
Қатысушыларды марапаттау үшін Ақмола облысының инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдар кандидаты Марат Өмірбайұлына Ибраевқа сөз берілді, ол Жеңіс күнінің маңыздылығын атап, арнайы мектеп-интернаттар педагогтерінің оқушыларды патриоттық тәрбиелеу тұрғысынан жоғары дайындығын атады.
Барлық ұпайларды есептеп, қазылар алқасы бірінші облыстық Квест-марафонның жеңімпазы мен Гран-при иегері – «Көкшетау қаласы, №1 арнайы мектеп-интернаты» КММ анықтады.
Мектеп командалары жұмыстарының қорытындысы бойынша номинациялар иегерлері анықталды:
«Жеңіске ұмтылысы үшін» номинациясын Степногорск қаласы, «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ «Жеңіс» командасы жеңіп алды»;
«Шығармашылық көзқарас үшін» номинациясы бойынша «Атбасар қаласы, №2 арнайы мектеп-интернаты» КММ «Жеңіс ұрпақтары» командасы жеңіске жетті;
«Ең тату команда» номинациясында «Урюпинка ауылы, «балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» КММ «Жалын» командасы жеңіске жетті.
Барлық қатысушылар ұйымдастырушыларға бірінші облыстық Квест-марафонды дайындағаны және өткізгені үшін алғыстарын білдірді.