Текст
Мектеп бітіру – әр адамның өміріндегі маңызды кезең. Бұл өмірдің бір тарауы аяқталып, жаңасы басталатын кезең. Көптеген түлектер үшін бұл енді жай мектеп емес, өмірінің көп бөлігін өткізген үйі. Мектеп өмірінің аяқталуы тек оқудың аяқталуы ғана емес, бұл достармен және мұғалімдермен, сыныппен және мектеппен қоштасу.
10 маусымда негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Масхутов Руслан Баянұлы түлектерге құттықтау сөз сөйлеп, естелік сыйлықтар табыс етті.