Жаңа жыл – әрқашан асыға күтетін мереке. Әрбір бала ғажайыптарға және тілектердің орындалуына сенеді. Балаларымыз осындай сиқырлы ертегіге тап болып, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Сәлем Жаңа жыл!» атты балалар шыршасының қатысушылары болды.
Көкшетау қаласындағы «Болашақ сарайы» балалар мен жасөспірімдер сарайында бас шырша жағылды. Театрландырылған қойылым кішкентай қонақтарды көптеген ертегі кейіпкерлерімен қуантты.
Мемлекет басшысының атынан облыс әкімі М.Ахметжанов балаларды келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтады. Мереке соңында балаларға 100 мың теңгенің ақшалай сертификаты түріндегі жаңа жылдық сыйлықтар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.
Вероника Баранованы «Үз жаңа жылдық костюм» номинациясында 1 орын алғаны үшін құттықтаймыз.