Текст
Қазақстан тарихындағы маңызды даталардың бірі қарсаңында Республика күніне арналған «Туған жер туралы...» атты мерекелік бағдарлама өтті. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Көрермендер Қазақстанның құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын көре алды: ата-бабаларымыз қалай өмір сүрді, тарихтың басты белестерін, Қазақстанның тұрақтылық пен өркендеу жолында жүріп өткен жолын еске алды.