Текст
7 қазанда Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы, «Арнайы кешені» КММ балабақша-интернатында Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын түсіндіру және талқылау бойынша ұжыммен кездесу өтті. «Әділ мемлекет. Біріккен ұлт. Өркендеген қоғам».
Жиын барысында жиналғандар ел дамуының негізгі бағыттарын айқындай отырып, өз ойларын ортаға салды. Арнайы кешен ұжымы арнайы ұстаздарға қолдау көрсетіп, зейнет жасын қысқартып, ең төменгі жалақыны көтеруге ризашылықтарын білдірді. Біз Президентіміздің отандастардың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуіне бағытталған саясатын қолдаймыз.