«Таза Қазақстан» – таза ел әрқайсымыздан басталады!

15.10.2026

«Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бастамасы аясында 10-сынып оқушылары мен олардың мұғалімдері Қазы батыр мен Өрес ханымның жерленген жерін көгалдандыруға шырша көшеттерін отырғызу арқылы қатысты.

Ағаш отырғызу қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық жағдайды жақсартуға және табиғатқа қамқорлықпен қарауды қалыптастыруға маңызды үлес қосады. Оқушылар әрбір отырғызылған ағаш таза және жасыл болашаққа қадам екенін түсініп, жұмысқа ынтамен және жауапкершілікпен қарады.

Мұндай бастамалар оқушыларға табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінуге, экологиялық сананы дамытуға үлес қосуға және туған жерге деген сүйіспеншілікті оятуға көмектеседі.

Просмотров: 13


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст