Текст
Ерлердің жетістіктерін бағалап, 7 мамыр мерекесі қарсаңында құттықтау Арнайы кешеннің игі дәстүріне айналған. «Отан қорғаушылар күніне» арналған мерекелік концерт «Таңғы пошта» сазды-ойын-сауық бағдарламасы түрінде өтіп, әйелдер ұжымы өкілдерінің ерлерге жылы лебіздері жазылған хаттары оқылды.
Оқушылар мен мектеп ұжымының ауыздарынан өлеңдер, әндер, билер, ерлерге арналған құттықтаулар айтылды. Барлығы көптеген жағымды эмоциялар алып, мерекелік атмосфераны сезінді.