Текст
18-29 қараша аралығында мектепте жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің онкүндігі өтті. Оқушылар барлық іс-шараларға қызығушылықпен қатысты. Осы онкүндіктің материалдары бойынша жұмыс оған қатысқан әрбір ұстазға өзінің әдістемелік қазынасын жаңа және қызықты жұмыстармен, әдіс-тәсілдермен толықтыруға мүмкіндік берді. Барлық іс-шаралар жоспарға сай, түрлі инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардің көп бөлігін қамтыды.
Жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдеріне арналған пән онкүндігі оқиғаға толы және мазмұнды болды.