Текст
Өз эмоциялары мен сезімін саналы түрде жеткізе білу, эмоционалды өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту мақсатында 7-сынып оқушыларымен «Сезімдер әлемі» сабағы өткізілді. Сабақ барысында психолог «Сөз тіркесін қайтала» жаттығуларын, «Эмоцияны тап» ойынын, «Көңіл-күйдің АВС-і», «Блот» ертегісін қолданды. Сабақ соңында балалар алған әсерлерімен бөлісіп, эмоцияларын суреттеп салды.