Ұйымдар тізімі
Қазақ тілі пәнінінен 5 «А» сыныбында гуманитарлық бағыттың онкүндігі аясында Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар өз білімдері мен біліктіліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Сонымен қатар жасанды интеллекттің көмегімен Абай атаның өлеңін ақынның өз дауысымен тыңдап, ерекше әсер алды.
Ұлы ақын, философ Абай айтқандай, оқушылар бес асыл іске – талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымға ұмтылу, ал бес дұшпаннан – өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақтан аулақ болу керектігін терең меңгерді. Сабақта интерактивті диктант жазылып, түрлі ресурстар арқылы жаңа сөздер табылып, талдау жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың білімі дескрипторлар негізінде бағаланып, асық пен сақа арқылы қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылды. Сабақ барысында ЖИ, Genially және Educaplay т.б. платформаларында түрлі тапсырмалар орындалды.
Мұндай заманауи форматтағы сабақтар оқушылардың бойында жағымды қасиеттерді қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор ықпал етеді.









Қазақстан Республикасының...