Текст
Бастауыш сыныптардың онкүндігі аясында бірінші сыныпта «Жыл мезгілдері, айлар» атты математика сабағы өтті. Балалар жыл мезгілдері мен ай атауларымен танысты. Жыл мезгілдері туралы жұмбақтарды тапса, қыс пен көктемнің, жаз мен күздің түсі қандай болатынын, жылдың әр мезгіліндегі мерекелер туралы білді. Қызықты саусақты қыздыру және физикалық минут материалды бекітуге және демалуға тағы да көмектесті.