Текст
Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерімен «Ұлттық мұраға, қазақ тіліне тағзым» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Балалар «Сен өз Отаныңды білесің бе» викторинасының сұрақтарына белсенді жауап беріп, Қазақстанның мәдени мұрасы туралы бейнебаянды тамашалады.