Текст
Тәрбие жұмысының онкүндігі аясында «Адам болу» тақырыбында ашық іс-шара өтті.
Шара барысында жігіттер адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерге тоқталып, мейірімділік деген не, адам бойында қандай қасиет болуы керек екеніне көз жүгіртті. «Сіз не істер едіңіз?» проблемалық жағдаяттарды талқылау барысында балалар «Қызық» нобайын көрсетіп, «Мен бұл әлемдемін» тақырыбына коллаж жасады. Тәрбие сағатының соңында «Жақсылық ғаламшары» ойынын ойнап, тақпақ оқып, ән шырқадық.