Адам Отанға, туып-өскен жерге деген сүйіспеншіліксіз тұлға ретінде өмір сүре алмайды. Бірақ өз өлкеңді сүю жеткіліксіз, оның тарихы мен дәстүрлерін білу қажет. Бала кезінен ауылға, ауданға деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу керек.
Урюпинка ауылы Арнайы кешені мен СҚО Соколов арнайы мектебі тәрбиеленушілерінің өзара қарым-қатынастығы және ынтымақтастығы туралы меморандум аясында «Менің ауылым, менің туған өлкем»виртуалды саяхат өткізілді.
Біздің балаларға өздерінің кіші Отаны туралы айтуға, материалдар мен құжаттардан білген қызықты тарихи фактілермен бөлісуге, мектеп мұражайы мен ауылдың әскери және еңбек даңқы мұражайынан білгендерін құрдастарына айтуға мүмкіндік берілді.
Іс-шара презентациямен сүйемелденді, бұл ауылдың тарихи өткеніне толық енуге мүмкіндік берді.