Текст
«Жануарларды жақсы көріңіз – олар біздің достарымыз!
Біз оларсыз өмір сүре алмаймыз».
Арнайы кешеннің тәрбиеленушілерімен «Жануарлар туралы диалог» викторинасы өткізілді.
«Ақылды» және «Бәрін біл» топтарына бөлінген балалар жануарлар әлеміне қызықты саяхат жасады. Викторинада тапқырлық пен айналадағы дүниені білу бойынша сайысқа түсіп, сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, жұмбақтар мен сөзжұмбақтарды шешіп, «Жабайы және үй жануарлары», «Жануарларды бояу», «Геометриялық пішіндердің силуэті» ойындарын тамашалады.
Қорытындылай келе, жиналғандардың барлығы табиғаттағы мінез-құлық ережелерін тағы бір рет қайталап, табиғат пен жануарларды қорғау өте маңызды деген қорытындыға келді.