Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Арнайы кешенге облыстық мәслихат депутаты Меңдібаева Клара Тұңғышқызы мен «АМАНАТ» партиясының Бұланды ауданы бойынша төрайымы Хожабай Раушан Түркменбайқызы келді. Қонақтар барлық балаларды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар мен тәтті тағамдар тарту етті.
Балалар үшін ең қызықты тосын сый – мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы болды. Аниматорлар балалармен қызықты ойындар, сайыстар өткізіп, «Күміс шоу» мерекенің сәніне айналды. Қыздырған әуен астында барлық қатысушылар күміс серпентин шашып, көңілді биледі. Балалар көптеген жағымды әсерлер алды, бұл күн олар үшін ұмытылмас, қуанышты эмоцияларға толы болды!
Назарларыңызға және қамқорлықтарыңызға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Алға қойған мақсаттарыңызға жетуіңізге және барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!