Текст
Жеңіс күні қарсаңында 2-сынып оқушылары ауылымыздың мемориалдық кешеніне барып, «Ұлы сөз – ЖЕҢІС!» атты сынып сағатын өткізді. Ұстаздың сол бір естен кетпес күндердегі оқиғалар туралы әңгімесін мұқият тыңдады, соғыстан оралған жауынгерлердің есімдерін оқыды, мұражайдағы батырлардың жүздеріне үңілді, әлсін-әлсін сарғайған фотосуреттерінен үңілді. Біз, соғыстан кейінгі ұрпақ, ЖЕҢІС деген киелі сөзде үлкен қуаныш қана емес, үлкен мұң да барын түсініп, есте сақтауымыз керек. Оқушылар тақпақтар айтып, сыныпқа оралғанда мерекелік карточкалар жасады.