Текст
Бәріміз де ертегілерді бала кезден жақсы көреміз. Ертегілер бізге өмірді үйретеді, жақсылық пен жамандық туралы айтады. Ертегі әлемді тануға көмектеседі. Ал, Урюпинка ауылындағы Арнайы кешеннің балалары ертегілерді қаншалықты жақсы білетіндігін, біз 7 шілдеде бастауыш мектеп жасындағы балалармен өткен «Ертегіде қонақта» атты әдеби викторинасы кезінде білдік.
Балалар ертегі кейіпкерлері, ертегі нысандары мен ертегі туралы жұмбақтарды зор ықыластарымен шешті. Олар ертегілердегі суреттермен берілген қиындыларды жинады, мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, ертегі кейіпкерлерінің әндерін еске түсірді. Викторинаның соңында балаларға «Менің сүйікті ертегілерім» атты кітап көрмесі ұсынылды.