Текст
7-сыныпта гуманитарлық пәндердің әдістемелік апталығы аясында Әзілхан Нұршайықовтың батырлық рухта жазылған «Ақиқат пен аңыз» романынан үзінді «Батырмен сұхбат» атты қазақ тілі сабағы өтті. Сабақта Қазақстанның мақтанышы – Ұлы Отан соғысының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, қаһарман жүзі ашылды. Шығарманың идеясы – Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат алу, батырдың ерлігін өскелең ұрпаққа жеткізу, мақтаныш ету, өскелең ұрпақты туған елін, жерін сүйетін ерлік рухта тәрбиелеу.