Текст
Балалардың бойында достық, өзара көмек, жол қозғалысы ережелерін құрметтеу сезімін ояту мақсатында «Жол ережесіне мереке жоқ» атты көңілді эстафеталық жарыс өткізілді. Қатысушылар күш, тапқырлық, жылдамдық бойынша ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысы сауаттылығы мен көшеде және жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін білу бойынша да сайысқа түсті. Командалар жолда жүру ережелерін, жол белгілерін қаншалықты білетіндіктерін және қаншалықты байқампаз, тапқыр, белсенді екендіктерін көрсетті.