Текст
Қысқы демалыста педагог-психолог 8-10 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» атты тренинг өткізді. Тренинг барысында қатысушылар бейнероликті көріп, белсенді түрде өз пікірлерін білдірді. «ЖОҚ!» деп айта білу жаттығуында балалар басқалардың теріс әсеріне қарсы тұру туралы жағдаяттарды ойнады.
Тренинг қызықты өтті, қатысушылар кәмелетке толмағандар Заң алдындағы жауапкершіліктен босатылмайды, барлық заңдар сақталуы керек деген қорытындыға келді.