Текст
Еңбек, эстетикалық және мәдени цикл мұғалімдерінің онкүндігінің әдістемелік бірлестігі аясында 7-8 сынып оқушыларымен дене шынықтыру пәнінен «Акробатикалық жаттығуларды біріктіру (қайық, алға сальто, иық тіреу) тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақта тепе-теңдікте жаттығуларды орындауды жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту, икемділік, ептілік, қозғалыстарды үйлестіру, дұрыс дене бітіміне, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу міндеттері қойылып, орындалды.