Текст
Халықты аутизм туралы ақпараттандыру айлығы аясында Арнайы кешеннің тәрбиешілері арасында семинар өтті. Семинарға қатысушылар балалардағы аутизм спектрінің көрінісінің негізгі белгілерімен таныстырылды.
Кезеңдердің бірі «Әлем аутист көзімен» бейнеролигін көру, сонымен қатар слайд-презентация болды. Мамандар УСП бар балалардың сөйлеуін және қарым-қатынасын дамыту бойынша жұмыс формалары мен әдістерімен таныстырды.
Тәрбиешілермен «Сол жақтағы көршіге жауап бер», «Аутист баланың портретін салу», «Ерекше балалармен жұмыс бойынша ұсыныстар» атты практикалық тапсырмалар орындалды.
Барлық мұғалімдер белсенді қатысты: тәжірибелерімен бөлісті, сұрақтар қойды, өз пікірлерін білдірді.