25 мамыр күні Ақмола облысы білім басқармасына қарасты Ақкөл ауданы Урюпинка ауылындағы «Арнайы кешені» КММ балабақша-интернатында түрлі-түсті мереке өтіп, алыстан ән мен күй естілді.
Сәнді бантиктер, үтіктелген жейделер, 2021 жылғы түлегі деген жазуы бар көк лента – салтанатты да сымбатты оныншы сынып оқушылары балалық шақпен қоштасты. Салтанатты сап түлектердің мектеп өміріндегі соңғы сапқа шығуымен басталды. Мектеп директоры балаларға жақсы қоштасу сөздерін арнады. Өмірлерінің басты мақсатына жетулеріне сәттілік тіледі. Түлектерге ғана емес, ұстаздарға да көптеген жылы лебіздер айтылды.
Негізгі сөз, әрине, оныншы сыныптың балаларына тиесілі. Талғампаз түлектер ұстаздарға, мектепке, директорға қамқорлығы, жылы лебізі, ілтипаты үшін алғыстарын поэтикалық күйде білдірді. Ескі мектеп дәстүрі бойынша бұл мереке мектеп вальсінің үніне ұласып, онда бірнеше жұп түлек иіріліп жатты.
Мереке соңында түлектер хош иісті сирень гүл шоқтарын тарту етті.