Текст
Жаратылыстану-математикалық циклдің пәндік онкүндігі аясында 7-сыныпта «Қазақстанның жеміс өсімдіктері. Алма ағашы, алмұрт ағашы».
Оқушылар өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктерімен, піскен жемістерді жинау ережелерімен, алма және алмұрт ағаштарының пайдалы қасиеттерімен танысты. «Сөздерді жинақтау» тапсырмасы арқылы балалар сабақтың тақырыбын анықтады. Презентацияны тамашалай отырып, «Сөзді ашу», «Шашыраңқы буындарды жина» деген әртүрлі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап бердік. «Жемістерді сипатта» ауызша ойыны сөйлеу мен есте сақтауды дамытуға ғана емес, тактильді сезімдерді дамытуға да ықпал етті.
Соңында балалар тәжді өз көңіл-күйлеріне сәйкес алманың түсімен безендіру арқылы өз іс-әрекеттерін бағалады.