Текст
Адамдарды біріктіретін, сүйіспеншілік, татулық, өзара түсіністік сыйлайтын «Алғыс айту күні» атты тамаша мерекені атап өту игі дәстүрге айналған. Бұл мереке – қазақ патриотизмінің күні, достық күні.
Арнайы кешенде «Қазақстан халықтарының ән, ойын, бидегі ұлттық дәстүрлері» деген атпен «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» мерекесі өтті.
Бұл күні көпұлтты Қазақстан республикасының түрлі ұлт өкілдерінен көптеген алғыс сөздер, сазды құттықтаулар айтылды: халықтың азаттық арманын жеткізіп, жырлаған «Адай» күйі шырқалды; түрлі ұлт өкілдері билерімен, әндерімен, өлеңдерімен құттықтады. Мереке қарсаңында қуанышымды бөлісіп, тек рахметімді айтқым келеді!!!