Текст
Әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес, педагогикалық шеберлікті арттыру және тәрбиешілердің кәсіби шеңберін кеңейту мақсатында Арнайы кешенде тәрбие жұмысының онкүндігі өткізілді.
Мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерімен, ұйымдастыру формаларымен және оқыту әдістерімен ерекшеленетін әртүрлі мазмұндағы, тақырыптық, құрылымдық ашық сабақтарға қатысуға мүмкіндік алды. Педагогтар өздерінің ұстаздық шеберліктерін көрсетуге, жинақталған тәжірибелерімен бөлісуге және әріптестерінен педагогикалық технологиялардың озық үлгілерін қабылдауға мүмкіндік алды, ал студенттер көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді білді.