Текст
«Ұлы дала мұрагерлері» жобасы аясында «Тарихқа саяхат. Ағартушы ғалымдар».
Қай заманда да ағарту, мәдениет, білім, ел экономикасын дамыту мәселелері өзекті болды. Бұған мысал ретінде 19 ғасырдың екінші жартысындағы Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев сынды ұлы тарихи тұлғалар, ағартушы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын айтуға болады.
Шарада «Қазақстанның 19 ғасырдағы ұлы ағартушылары» фильмінен үзінділер көрсетіліп, нақыл сөздер оқылып, викторина өткізілді. Соңында Абайдың «Көзімнің қарасы» әні орындалды.