Текст
Бастауыш оқытудың әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында «Қысқы орманға саяхат» түзету сабағы өтті.
Балалар кілем-ұшақпен саяхатқа аттанды. Сабақ барысында сөйлеу, танымдық, қозғалыс, практикалық дағдылар мен біліктерді қолдануға бағытталған көрнекі, ауызша және тәжірбиелік әдістер қолданылды. Сабақта балалар қыста жабайы жануарлардың өмірі туралы ғана емес, оларға кім және қалай күтім жасайтыны туралы білді. Орманшы мамандығымен танысты. Сабақ соңында балалар «Ормандағы тәртіп ережелері» жадынамасын өз бетінше құрастырды.