Текст
Біз жиі естиміз – бұл пайдалы, бұл зиянды. Неліктен пайдалы? Неліктен осы немесе басқа өнімді жеуге болмайды? Бұл туралы мектепалды даярлық тобының балалары «Дұрыс тамақтану» тақырыбындағы сөйлеуді дамыту сабағында көбірек білді.
Сабақ барысында балалар дәрумендер туралы танымдық мультфильм тамашалады, «Жемістер мен көкөністер» дидактикалық ойынын ойнады, магниттік тақтадағы әріптерден көкөністердің атын құрастырды, жұмбақтар шешті.
Соңында балаларға дәмді, пайдалы, жасыл алмалар ұсынылды.