Текст
Тәрбиешілерге арналған онкүндік аясында мектепалды даярлық тобында «Үй жануарлары» атты түзету сабағы өткізілді. Сабақ барысында балалар үй жануарларымен танысты, «Әтешке қауырсын» тапсырмасын орындауға жаттықты, тосын сәт арқылы тамақ тауып, содан кейін жануарларды тамақтандырды. Магниттік тақтада заттық суреттердің түсі мен өлшемін сәйкестендіріп «Бір – көп» жаттығуын орындады.
Сабақ музыкалық сүйемелдеумен динамикалық қыздырумен сүйемелденді. Сабақ соңында мектеп жасына дейінгі балалар «Қоштасу әні» атты дөңгелек би биледі.