Біз шоуды бастаймыз,
Біз сәндер үйін ашамыз.
Біздің сәнде - жаңалық,
Біздің сәнде - cұлулық!
Қалдықтардан киім тігіп –
Біз табиғатты қорғаймыз!
Шілденің 5-сі біздің үйде қалдық материалдардан тігілген киім үлгілері көрмесі өтті. Образды жасау кезінде балалар шығармашылық пен қиял әлеміне еніп кетті. Болашақ сәнқойлар үлкен жігерлікпен газеттерден, целлофан пакеттерден, майлықтардан және басқа да сынық нәрселерден нағыз шедеврлер жасады.