5 шілде күні арнайы кешенде керемет байқау өтті, онда тәрбиеленушілер өздерінің шығармашылығы мен қиялын көрсетіп, керемет шаш үлгілерін жасады.
Байқауға әр түрлі жастағы ең талантты және сүйкімді қыздар қатысты. Тәжірибе барысында шеберлер «Шаштараз өнерінің құпиялары» тақырыбындағы сабақтарда алған білімдерін, сондай-ақ эстетикалық талғам дағдыларын көрсетіп шашпен жұмыс істеу кезінде дамытып, бекітті. Әрине, әрбір қыз қарапайым шашты үлгісін жасай отырып өзіне сай жарасымдысын таңдап, шашты өре білуі қажет.
Ал, қыздар нәтижесінде – «Бұзық», «Кешкі», «Патшайым" және т.б. сәнді шаштар үлгісін жасады
Барлық шаштараз шеберлері «Ең сәнді шаш үлгісі», «Ең ыңғайлы шаш үлгісі», «Ең ерекше шаш үлгісі», «Ең көңілді шаш үлгісі» номинациялары бойынша дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.