Текст
Кітап көрмесі «Сұлтан Бейбарыстың туғанына – 800 жыл»
Бейбарыс – Мәмлүк мемлекетінің құлдықтан сұлтанына дейін көтеріле білген адам. Тегі қыпшақ, туған жерінен жырақта тұрып, жат жерде ел билеп, қыпшақ халқының даңқын асырған. Көшпелілердің рухын биікке көтеріп, әлемге күш-қуатын паш етті. Оның істері жас ұрпаққа үлгі болуы керек.











